Централизованная библиотечная система Бухар-Жырауского района

Қазақстанда Конституцияға түзетулер бойынша референдум өтіп жатыр

2022 жылғы 5 маусымда Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылдау бойынша республикалық референдум өтуде.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін өткізіледі. Бұған дейін ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров еліміз бойынша дауыс беруге арналған 10 мың 12 учаске тартылатынын атап өтті.

Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне 11 млн 722 мың 536 азамат енгізілді. Орталық референдум комиссиясының қаулысымен дауыс беруге арналған бюллетеньдер бір процент резервімен референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізілген санына тең мөлшерде дайындалатыны анықталды. Демек, 11 млн 839 мың 761 өндірілген.

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жанынан 52 мемлекетте 65 учаскелік референдум комиссиялары құрылды. Шетелдегі және дауыс беруге белсенді құқығы бар, ҚР шет елдердегі мекемелері ұсынған ҚР азаматтарының алдын ала тізімдері негізінде референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың саны – 11 350 құрады. Резервті ескере отырып, 1% – ға ҚР Сыртқы істер министрлігіне 11 450 бюллетень бөлінді.

Егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, Референдум өткізілді деп есептеледі.

«Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар, егер оларға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі», – деп бұған дейін Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров хабарлаған болатын.

 

kapital.kz