3, 4, 5 — ақпан күндері Бұқаржырау ауданының ОКЖ-не қарасты аудандық орталық кітапханасы ғимаратында кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскерлері – Майгүл Асқарова, Ажар Абикеева, Айғаным Кутжанованың ұйымдастыруымен «Үйренеміз. Ойлаймыз. Ойнаймыз» тақырыбында топтық практикум-кеңес өткізілді. Практикум-кеңестің бағдарламасы бойынша аудандық, ауылдық кітапханашылары «Айлық есеп жазу» үлгісі бойынша жеке компьютерде практикалық жұмыс жасады. Одан кейін әдіскер Майгүл Асқарова өзі құрастырған авторлық «Мен білетін 5…» зияткерлік ойыны, «ПоэзияTime» әдеби ойыны, «7 сұрақ» танымдық ойындарының таныстырылымын жасады. Кітапхана қызметкерлерімен аталмыш авторлық және танымал «Әдеби лото», «Шындық-Жалған» ойындарын өткізіп, олардың интеллектуалдық деңгейлерін, поэзияға деген сүйіспеншілігі мен әнге деген құштарлықтарын анықтады.
Әрбір дұрыс жауап үшін жетондар беріліп, жеңімпаздар анықталып, естелік сыйлықтармен марапатталды. Жалпы белсенді қатысып, ең көп жетон жинаған кітапханашыларға әдіскер М.Асқарова өзінің авторлық қолтаңбасымен «Менің анам.Менің әкем…» атты кітабын сыйға тартты.
Практикум-кеңеске қатысқан кітапханашыларға жаңа жылға – жаңа серпін болғанын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Uncategorized
Posted in
«Үйренеміз. Ойлаймыз. Ойнаймыз» топтық практикум-кеңес
Posted in
