«Бір ел – бір кітап» – 2026
28 қаңтар – дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының кезекті жылға арналған таңдауы жарияланды.
2026 жылы ел болып оқуға халық жазушысы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмадиловтің «Тағдыр» романы таңдалды.
«Тағдыр» – қазақ халқының күрделі тарихи кезеңдерін, ел мен жер тағдырын, ұлттың рухани болмысын терең бейнелейтін көркем туынды. Шығармада тарихи шындық пен адам тағдыры, еркіндік пен елдік идеясы шебер үйлесім тапқан.
Бұл таңдау – ұлттық тарихымызды көркем әдебиет арқылы танып-білуге, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған маңызды қадам.
«Бір ел – бір кітап» акциясы
– ортақ рухани кеңістік қалыптастырып,
– оқырман мәдениетін дамытуға,
– кітапты ұлттың басты құндылығы ретінде дәріптеуге қызмет етеді.
Барша оқырмандарды, зиялы қауым өкілдерін, жастар мен оқушыларды Қабдеш Жұмадиловтің «Тағдыр» романын бірге оқуға шақырамыз!
Оқыңыз. Талқылаңыз. Ой бөлісіңіз.
Өйткені кітап – ұлттың рухани тағдыры.
