Қарақұдық ауылдық кітапханасында мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай Амангелді орта мектебінің ұстаздары мен оқушылардың қатысуымен “Жырмен жұртты тербеткен” атты поэзия палитрасы өтті. Онда «Мұқағали — мұзбалақ ақын» және «Ақиық ақын – Мұқағали Мақатаев» атты поэзиялық көрмелер ұйымдастырылып, көрмеге ақынның поэзиялық шығармалары, отбасы жайында, әнге айналған өлеңдері және мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар ұсынылып насихатталды. Сонымен қатар ақынға арналған лэпбук, кинопленка және кешіміздің атауы — «Поэзия палитрасы» болған соң жырларына түрлі бояулардан жүрекше суреттер дайындалып, ақ бояулы жүрекшеде – «Ана» туралы, жасыл бояу – «Табиғат», көк бояу – «Отан», «Туған жер» және қызыл бояулы жүрекшеде «Махаббат», яғни балаларға лайық ата-анаға, досқа, елге деген сүйіспеншілік тақырыбындағы өлеңдер дайындалып ұсынылды. Қатысушылар аталған тақырыптар бойынша өздерінің жаттаған өлеңдерін кезекпен-кезек орындап, арасында әнге айналған өлеңдерін домбырамен де орындап берді. «Ақиық ақын – Мұқағали Мақатаев» атты поэзиялық көрмедегі QR-кодты сканерлеп, ақынның өлеңдері де тыңдалып, бірге қосылып орындалды. Ақынға арналған жаднамалар таратылып, ақынның өлеңдерін орындаған барлық қатысушыларға белсене қатысқандары үшін мадақтама қағаздар табысталып, мәдениет қызметкерлері атынан тәттілер таратылды. Қатысқандар – 21 адам. Үлкендер – 5, балалар – 16.
Жаңалықтар
Posted in
“Жырмен жұртты тербеткен”: Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойы
Posted in
