«ТҰЛҒА ТАНУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ
«КЕМЕҢГЕР БАСШЫНЫҢ ІЗІМЕН» АТТЫ ДӘСТҮРЛІ АУДАНДЫҚ БАЙҚАУДЫҢ
ЕРЕЖЕСІ
-
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы ереже білікті басшы, ұлағатты ұстаз Умирбаев Нуриден Марякұлының өмір жолы мен еңбегіне арналған шығармашылық байқаудың (бұдан әрі — Байқау) мақсатын, міндеттерін, өткізу тәртібін және жеңімпаздарды анықтау жүйесін белгілейді.
1.2. Байқауды ұйымдастырушы: «Ростовка тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ.
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
-
- БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсаты: Н. М. Умирбаевтың тұлғалық бейнесін дәріптеу арқылы оқырмандар арасында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, ұстазға деген құрметті және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.
Міндеттері:
Тұлғаның өмір жолы мен еңбектерін терең насихаттау;
Қатысушылардың шешендік, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту;
Шәкірт бойында адамгершілік, еңбекқорлық құндылықтарын ұялату.
- БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
-
- БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР
3.1. Байқауға әр мекемеден 2 үміткер жұп болып қатысуы шарт.
3.2. Қатысушылардың жалпы саны — 2 (1 кітапханашы және 1 оқушы), жас ерекшелігі 8-10 сынып оқушылары.
- БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР
-
- БАЙҚАУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ТАЛАПТАРЫ
Байқау келесі 3 кезеңнен тұрады:
І кезең: «Тұлға және Тарих» (Таныстыру).
Қатысушылар өздерін таныстырып, Нуриден Марякұлының өмірлік қағидаларымен үндесетін өзіндік ұстанымын жеткізеді (2 минутқа дейін). Таныстыру кезеңінің заман талабына сай креативтілігі негізге алынып бағаланады. Байқаудың бұл кезеңінде қолданылатын медиа файлдар мерзімінен 1 күн бұрын ұйымдастырушы тарапқа жіберілуі керек.
ІІ кезең: «Білім — биік белес» (Интеллектуалдық сайыс).
Н. М. Умирбаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы кітап мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру. Бұл кезеңде қатысушылардың жылдамдығы мен жауаптарының нақтылығына баса назар аударылады.
ІІІ кезең: ««Smart-Puzzle:Басшының портреті». (Шығармашылық жұмыс).
Әр қатысушы жұпқа конвертте арнайы дайындалған Фото пазл жиынтығы беріледі. Қатысушылар берілген 5 минут уақыт аяқталғанша фотоны жинап болуы тиіс. (фотодағы оқиғаның маңызын түсіндіреді; кейіпкердің ішкі мазмұнын ( басшылық қасиетін) ашады; автордың айтпақ болған негізгі идеясын тұжырымдайды).
- БАЙҚАУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ТАЛАПТАРЫ
-
- БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
5.1. Қазылар алқасы байқау қатысушыларының жұмыстарын бағалап, әр номинация бойынша жеңімпаздар анықталады.
5.2. Қатысушылардан түскен байқау жұмыстары қазылар алқасы мүшелерімен 10 баллдық жүйе бойынша келесі критерийлерге сәйкес бағаланады:
• тақырыпты толық және терең ашу деңгейі;
• инновациялық тәсіл мен заманауи технологияларды қолдану;
• жеке стиль мен кәсіби сауаттылық;
• деректердің нақтылығы мен кітап мазмұнын білу деңгейі;
• шығармашылық ізденісі мен идеясының ерекшелігі;
• сахналық мәдениеті мен регламентті сақтауы.
- БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
-
- БАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ
6.1. Қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін арнайы қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасын төраға басқарады, ол шешім қабылдайды және қазылар алқасының жұмысына жауап береді. Қазылар алқасы байқау соңында нәтижелерін жариялайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Хатшы қазылар алқасының шешімі бойынша хаттаманы рәсімдейді;
6.2. Ұйымдастырушылар қазылар алқасына байқаудың бағаланатын критерийлерін, балдық жүйені ұсынады. Әрбір критерий бойынша бағалар жинақталады және қатысушының қорытынды бағасын құрайды. Ең жоғары қорытынды бағасы бар қатысушы байқаудың жеңімпаздары болып жарияланады. Бірнеше қатысушының қорытынды бағалары тең болған жағдайда қазылар алқасының төрағасының/төрайымының шешімімен шығарылады.
-
- ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ.
7.1. Қазылар алқасы байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
7.2. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, қаржылай сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталады.
Бас жүлде – диплом, 50 000 тг.
І орын – диплом, 40 000 тг.
ІІ орын – диплом, 30 000 тг.
ІІІ орын – диплом, 20 000 тг.
- ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ.
- ӨТКІЗІЛУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ
Күні: 22.05.2026 ж.
Уақыты: 11:00 - Мекен-жайы: Ростов ауылдық округі, Корниенко көшесі, 75.
«Ростовка тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ.
Байланыс телефоны: 87775712644 (Айжан Сәкенқызы)
