2025 жылғы 14 қазан күні аудандық орталық кітапханасы және Бұқар жырау аудандық тарихи — өлкетану музейі ұйымдастыруымен елге белгілі қаламгер, өлкетанушы, журналист, қоғам қайраткері Аман Жағдаұлы Жанғожиннің 80 жылдық мерейтойына арналған «Қаламы халыққа қызмет» атты көрме және «Тарихыңды таны – Тұлғаңды құрметте» атты тағылымды кеш өткізілді.
Кештің мақсаты – ел тарихын түгендеген, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан қаламгердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасын насихаттау, өскелең ұрпаққа өнеге ету.
Кеш барысында:
Аман Жағдаұлының қаламгерлік және қоғамдық қызметі, аудармашылық, энциклопедиялық еңбектері жайлы кең көлемді мазмұнды естеліктер айтылды;
Шығармашылық жолының негізгі кезеңдеріне арналған «Қаламы халыққа қызмет» атты көрме таныстырылды;
Отбасылық құндылықтары мен ұрпақ сабақтастығы туралы жылы лебіздер айтылды;
Туған жерге тағзым, елге адал еңбек сынды азаматтық ұстанымдары кеңінен насихатталды.
Кеш қонақтары қатарында:
– Аудандық мәслихат төрағасы Асхат Әли Сағадиұлы
– Мерейтой иесінің бала күнгі досы Төкен Арбабайұлы
– Журналист, әріптес Ержан Имаш және өзге де зиялы қауым өкілдері болды.
Кеш әнмен әрленіп, әсерлі естеліктермен өріліп, тағылымға толы мазмұнды басқосуға ұласты.
Жиналған жұрт Аман Жағдаұлының елге сіңірген еңбегін, адами болмысын ерекше ықыласпен қабылдап, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Бұл кеш – тек бір тұлғаны ұлықтау емес, тұтас бір дәуірдің рухын сезіну болды.
Аман Жағдаұлының өнегелі жолы – кейінгі буын үшін айнымас бағдар, сарқылмас рухани байлық екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Жаңалықтар
Posted in
«Тарихыңды таны – Тұлғаңды құрметте»

Posted in