5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдер күніне орай Бұқар жырау аудандық орталық кітапханасында ауданның Төтенше жағдайлар бөлімі және 19-ӨСБ қызметкерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.
1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған «Тілдер туралы» заңда қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ұлтаралық тіл ретінде бекітілген болатын. Кейін 1998 жылғы 20 қаңтардағы Президент Жарлығымен тіл мерекесі ресми түрде аталып өте бастады. Ал 2017 жылдан бері бұл мереке қазақ халқының ұлт ұстазы, ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – 5 қыркүйекке бекітілді.
Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен еңбектері таныстырылып, кітап көрмесі ұсынылды. Мемлекеттік тілдің қоғамдағы маңызы мен мәртебесін көтеру мақсатында ой-пікірлер айтылып, еркін талқылау өрбіді.
Ұлт ұстазының мынадай сөзі жиынға ерекше мән берді:
«Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.»
Сонымен бірге шарада тек ана тілімізді ғана емес, өзге тілдерді де білу, құрметтеу – елдер арасындағы достық пен сыйластықтың кепілі екендігі айтылды.
Шараның негізгі мақсаты – тілге деген құрметті арттыру, ұлттың рухани құндылықтарын дәріптеу және өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу болды.
Жаңалықтар
Posted in
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдер күні

Posted in