Нұрмағанбетов Теміржан Ынтымақ селосында дүниеге келген. 1942 жылы 8 наурызда Нұра АӘК–нан соғысқа шақырылып, 44-ші атқыштар полкінде атқыш болған. 1942 жылы 3-шілде күні Украинаның Шатырино деревнясында қоршауда қалып, тұтқынға түскен. 1945 жылдың 20-сәуірінде американдықтар тұтқыннан босатып алып шыққан. 1947-1957 жылдары Қарағанды қаласында шахтада жұмыс істеген. 1957 жылы Ынтымақ селосына қоныс аударып, аға шебері болып істеген. 1973 жылы дүниеден озған.
Өлкетану
Posted in
Ынтымак
Автор Редакция библиотеки