КГУ "Централизованная" библиотечная система
Бухар-жырауского района"
акимата Бухар-жырауского района

Жаңалықтар

«Екі ұрпақтың кездесуі»

Ботақара ауылдық кітапханасы Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған «Біз Отанның сарбаздары»,«Екі ұрпақтың кездесуі» – тәрбиелік мәні зор, тағылымға толы іс-шара. Бұл кездесудің басты мақсаты – жас ұрпаққа елін, жерін қорғаған аға буынның ерлігін таныту, отансүйгіштік рухты қалыптастыру.
Кездесуге әскери қызметте болған азаматтар шақырылып, өз өмір жолдары, әскери қызметтің маңызы, Отан алдындағы борыш туралы әсерлі әңгімелерімен бөлісті. Жастар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасу өтті.
Аға буын өкілдерінің өнегелі сөздері мен өмірлік тәжірибесі жас ұрпаққа үлкен ой салды. Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ел болашағы үшін жауапкершілікті арттыра түседі.
Отанды қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы екені тағы бір мәрте айқындалды.
Әскер-ел айбыны, көрме ақпарат жүргізілді.

Оставить отзыв