КГУ "Централизованная" библиотечная система
Бухар-жырауского района"
акимата Бухар-жырауского района

Жаңалықтар

«Қыз тәрбиесі – рухани құндылық негізі»: Отбасы және Аналар күні

Бұқар жырау ауданының полиция басқармасының Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының ұйымдастыруымен Отбасы және Аналар күніне орай тағылымды форум өткізілді.
Форумның басты мақсаты: Ана мен қыз бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту; тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу; Құқықтық сауаттылықты арттыру; Қыз баланың қоғамдағы және отбасындағы рөлін айқындау.
Форумға құқық қорғау саласының мамандары, психологтар, білім беру және денсаулық сақтау саласының өкілдері, қоғам белсенділері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Форум аясында аудандық орталық кітапхана тарапынан «Қыз тәрбиесі – рухани құндылық негізі» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
Көрменің мақсаты – ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды насихаттау, қыз бала тәрбиесінің маңыздылығын дәріптеу және оқырмандарды тағылымды әдебиеттермен таныстыру.
Кітап көрмесіне отбасы тәрбиесі, қыз бала әдебі, ананың қоғамдағы рөлі, ұлттық құндылықтар мен рухани даму бағытындағы кітаптар қойылды.
✨ Қыз тәрбиесі – ұлт болашағының негізі.

Оставить отзыв