1 шілде күні Доскей ауылдық кітапханада Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылаған «Домбырасыз сән қайда» атты танымдық сағаттың мақсаты – балаларға қазақ халқының қасиетті ұлттық аспабы – домбыраның тарихы мен рухани құндылығын таныстыру. Іс-шара барысында домбыраның шығу тарихы, белгілі күйшілер мен олардың шығармалары туралы мәліметтер беріледі, күй тыңдалып, ұлттық өнерді насихаттайтын әдеби-музыкалық бағдарламалар ұсынылады. Танымдық ойындар мен сұрақ-жауап арқылы қатысушылардың қызығушылығы артып, ұлттық мұраға деген құрметі қалыптасады.
Жаңалықтар
Posted in
«Домбырасыз сән қайда»
Posted in
