КГУ "Централизованная" библиотечная система
Бухар-жырауского района"
акимата Бухар-жырауского района

Жаңалықтар

«Ғарышқа жол салған ғарышкерлер»

«Ғарышқа жол салған ғарышкерлер»: Аудандық орталық кітапханада Қазақстанның Халық Қаһармандары, қазақтың даңқты ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдығы мен Талғат Мұсабаевтың 75 жылдығына арналған «Ғарышқа жол салған ғарышкерлер» атты ақпараттық сағат өтті.
Іс-шараның басында ғарыш тақырыбындағы танымдық бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар ғарыш әлеміне қызықты саяхат жасады.
Шара барысында қазақ ғарышкерлерінің өмір жолы, олардың ғылым мен ел тарихындағы орны, ерлігі мен жетістіктері туралы айтылып, Байқоңыр ғарыш айлағының әлемдік ғарыш тарихындағы маңызы кеңінен таныстырылды.
Қатысушылармен ой қозғау сұрақтары талқыланып, қызықты ғарыштық деректер ұсынылды және танымдық сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Жастар өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.
Іс-шараға «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары қатысып, ғылымға, білімге және ел мақтаныштарына деген қызығушылықтарын көрсетті.
Осындай тағылымды кездесулер жастардың дүниетанымын кеңейтіп, ғылым мен білімге деген қызығушылығын арттырып, ел тарихын құрметтеуге тәрбиелейді.
#АудандықОрталықКітапхана #ҒарышқаЖолСалғанҒарышкерлер #ТоқтарӘубәкіров #ТалғатМұсабаев #Байқоңыр

Оставить отзыв