Мұстафин кенттік көпшілік кітапханасының оқырман залында «Заң мен Тәртіп» аясында «Ата Заң – әділет пен жарқын болашақтың негізі» атты пресс стол өткізілді. Пресс стол барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен негізгі заңдарына қатысты әдебиеттер, ғылыми еңбектер және құқықтық мәдениетті дәріптейтін басылымдар қойылды. Оқырмандарға заң үстемдігі, әділетті қоғам құндылықтары және азаматтық құқықтар мен міндеттер туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, шарада еліміздегі соңғы тарихи оқиғалар да ерекше атап өтілді.15 наурызда халқымыздың тағдырлы таңдауы жасалып, жаңа Конституция қабылдау жөнінде референдум өткені, бұл күн – ел тарихындағы бетбұрыс сәт, халықтың еркін білдірген демократиялық қадам ретінде бағаланғанын айта кетіп, 1 шілдеден бастап жаңа Конституция ресми түрде күшіне енгенінде атап өттік. Жаңа Конституция қоғамның дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жаңа серпін бергенін айта отырып алдағы 23 тамызда Құрылтай сайлауы өтетіні туралы ақпарат беріліп, бұл өзгерістердің елдің саяси жүйесіне тың леп әкелетіні түсіндірілді. Құрылтай – халықтың бірлігін, елдік мүддені айқындайтын жаңа институт ретінде қарастырылып, оның қоғамдағы орны мен маңызы кеңінен талқыланды.Шара барысында Бұқар жырау ауданы прокуратурасының прокуроры Керімше Рауан Дүйсенұлы сөз сөйлеп, Конституцияның қоғамдағы рөлі мен азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы маңызына тоқталды. Пресс стол оқырмандардың құқықтық ой-санасын кеңейтіп, заңға деген құрметті арттыруға ықпал етті.
Жаңалықтар
Posted in
«Ата Заң – әділет пен жарқын болашақтың негізі»
Posted in
