Үштөбе ауылдық кітапханасы мемлекет және қоғам қайраткері, бірегей этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековке арналған «Сөз зергері» атты интеллектуалдық тир (өмір баяны) іс-шара өтті! Шараға біздің ардақты да парасатты үлкен оқырмандарымыз қатысып, ұлт жанашырының артында қалған мол мұрасы мен ғибратты өмір жолын тереңнен талқылады.Тақырыпқа сай кiтап көрме ұйымдастырылды.
Өзбекәлі Жәнібеков — Наурыз мейрамын халқына қайтарған, Тайқазанның елге оралуына мұрындық болған, Алаш арыстарын ақтауға өлшеусіз еңбек сіңірген дара тұлға. Бүгінгі интеллектуалдық сайыс пен тағылымды әңгіме аға буынның руханиятқа деген сусынын қандырғаны.
