КГУ "Централизованная" библиотечная система
Бухар-жырауского района"
акимата Бухар-жырауского района

Жаңалықтар

«Құрмет төріндегі қазыналы қариялар»

1 қазан – Қарттар күніне орай Ботақара кентінің Мәдениет үйінде тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Аудандық орталық кітапханасы «Құрмет төріндегі қазыналы қариялар» атты кітап көрмесіне шолу жасап, қазақ халқының рухани-мәдени мұрасы, ұлттық тәрбие, отбасы құндылықтары мен көркем әдеби шығармаларымен таныстырды. Сонымен қатар «Кітап оқитын ұлт» акциясының «Оқитын әулет» бағытындағы 15 кітабы және «Отбасы хрестоматиясы» сериясындағы тағылымды еңбектер ұсынылды.
Кеш барысында қарияларымызбен қызықты ойындар ұйымдастырылып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталып, ізгі тілектер айтылды.

Қарияның ақылы – ұрпаққа аманат, батасы – баға жетпес қазына.

Оставить отзыв