КГУ "Централизованная" библиотечная система
Бухар-жырауского района"
акимата Бухар-жырауского района

Жаңалықтар

«Ұстазға құрмет-елге құрмет» мерекелік іс-шара

Ұстаздар күніне орай Аудандық орталық кітапханада «Ұстазға құрмет-елге құрмет» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебінің 9-сынып оқушылары, ұстаздар мен жас мамандар қатысты.
Кездесуге ұстаздық жолдың әр кезеңін көрсететін үш буын өкілі арнайы шақырылды. Олар: зейнет жасындағы ұлағатты ұстаз – Бәтима Тұрсыновна, орта буын ұстазы – Айман Сейтхановна, жас маман – Меруерт Бауыржанқызы.Кездесу барысында әр буын өкілдерінің басын қосып, ұстаздық мамандықтың қадір-қасиеті, ұрпақ тәрбиесіндегі мұғалімнің орны мен еңбегі туралы әсерлі әңгімелер айтылды.
Сонымен қатар кітапханада ұстаз еңбегін дәріптеуге арналған «Ұстаздық – ұлы жол» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ұстаздық жол, білім мен тәрбие, педагогика және ұлағатты ұстаздар туралы әдебиеттер қойылды.
Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға Алғыс хаттар табысталып, сыйлықтармен марапатталды.
Ұстазға құрмет көрсету – білімге, еңбекке және болашаққа құрмет көрсету.

Оставить отзыв