25 қазан – Республика күніне орай «Оқитын ұлт» марафоны аясында ұйымдастырылған «Саған кітап арнадым» акциясына Үштөбе ауылының тұрғындары да белсене атсалысты.
Үштөбе мәдениет үйінде ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ерік Нарын өзінің тұңғыш жарық көрген «Мөр» кітабын оқырмандарға сыйға тарту арқылы акцияға алғаш болып қолдау көрсетті. Ақынның бұл игі бастамасын ауыл тұрғындары да жалғастырып, кітап сыйлау дәстүріне өз үлестерін қосты.
Акцияның мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және оқырман мәдениетін қалыптастыру.
Кітап сыйлау – білім мен руханиятқа жасалған ізгі қадам!
#СағанКітапАрнадым #КнигаДляТебя
#КітапОқитынҰлт #РеспубликаКүні
#BookForYou Republicday
Жаңалықтар
Posted in
«Саған кітап арнадым» акциясы
Posted in
