КГУ "Централизованная" библиотечная система
Бухар-жырауского района"
акимата Бухар-жырауского района

Жаңалықтар

«Кітаппен өрілген 70 жыл» мерекелік іс-шара

Үштөбе ауылдық кітапханасында «Кітаппен өрілген 70 жыл» атты мазмұнды рухани кеш ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — 70 жылдық тарихы бар білім ордасының өткен жолын насихаттау, оқырмандардың рухани дүниесін байыту және кітап оқу мәдениетін дәріптеу.

Рухани кеш барысында:

Мерейтойға орай арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына құнды әдебиеттер мен кітапхана тарихынан сыр шертетін басылымдар ұсынылды.

Тұрақты оқырмандарымыз кітапхананың 70 жылдық мерейтойына орай жүрекжарды өлең жолдарын арнап, кештің көркін аша түсті.

Мерекелік шара барысында ауылдық округ әкімі
кітапхана қызметкерлері мен ардагерлерді айтулы мерейтоймен құттықттап, кітапхана саласына үлес қосқан азаматтарға Алғыс хаттар табыстады.

Қонақтарға арнап дастархан жайылып, шай мен тәттілер ұсынылды. Мерекенің сәнін келтірген концерттiк бағдарлама көпшілікке көтерiңкі көңiл күй сыйлады!

70 жылдық тарихы бар кітапхана — ауылдың рухани казынасы, ұрпақтар сабақтастығының алтын көпірі. Кітапхананың тарихы жалғасын тауып оқырмандар көбейе берсін!

# Үштөбекітапхана70 жыл
#тарих
#руханиқазына

Оставить отзыв