Құшоқы ауылдық кітапханасында «Буллингке жол жоқ!» атты іс-шара өтті. Шараның басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу, оқушыларға оның зияны мен зардаптарын түсіндіру, өзара сыйластық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында буллингтің түрлері, одан қорғану жолдары талқыланып, әр адамға құрметпен қарау, өзгелердің сезімін бағалай білу туралы маңызды ойлар айтылды.
Біз буллингке қарсымыз! Әр бала қауіпсіз әрі бақытты ортада өмір сүруге лайық!
#буллингкежолберілмейді#буллингтіңалдыналу
