«Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте»
Новоузенка ауылдық кітапханасында елге еңбегі сіңген, ауылдастарының құрметіне бөленген ардақты азамат Сыздықов Мереке Мансұрұлына арналған тағылымды кездесу кеші өтті.
Кездесудің мақсаты – өнегелі өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі болған тұлғаның еңбегін дәріптеу, ауыл тарихындағы орнын таныту және жас ұрпаққа насихаттау.
Кеш барысында Мереке Мансұрұлының өмір жолы, еңбек белестері, жетістіктері мен марапаттары таныстырылды. Қонағымыз өз естеліктерімен бөлісіп, өмірден түйген ойларын ортаға салды. Ауыл тұрғындары мен қатысушылар ақжарма тілектерін білдіріп, жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Кездесу кеші оқушылардың өнерімен жалғасын тапты. Жас домбырашылар күмбірлете күй орындап, арнау өлеңдерін оқыды. Әсем ән шырқалды.Әрбір өнер тартуы Мереке Мансұрұлына деген құрмет пен ізеттің белгісіне айналды.
Кештің ерекше сәттерінің бірі – жас домбырашының көпшілік алдындағы алғашқы орындауы болды. Бұл – жас ұрпақтың өнерге деген талпынысы мен үлкенге деген құрметінің көрінісі.Тағылымды кездесу жылы естеліктерге, шынайы ықылас пен ізгі тілектерге толы болды.
Жаңалықтар
Posted in
«Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» кездесу кеші
Posted in
