Мәдениет және өнер қызметкерлеріне мемлекеттік қолдау көрсету және ынталандыру, әлеуметтік статусын және еңбектерінің маңыздылығын арттыру мақсатында Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы сыйлығын тағайындау салтанаты өтті. Аталған салтанатты іс- шарада Бұқар жырау ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ақпараттық библиографиялық секторының меңгерушісі Ботагоз Рахимова «Ауылдың үздік кітапханашы» номинациясы бойынша марапатталады.