Жаңалықтар

Балам неге кітап оқымайды?

Балам неге кітап оқымайды?

Сәуір айының 5-жұлдызында аудандық балалар кітапханасы әртүрлі қоғам өкілдерін жинап, яғни: мектеп ұстаздары, мектеп кітапханашылары, психологтар, қоғам белсенділерін, еріктелір мен ата-аналар және балабақша тәрбиешілерінің басын құрап, «Балам неге кітап оқымайды?» атты ашық сұхбат алаңын өткізді. Алаңда ортаға мына сұрақтар тасталды: 1) Тәрбие деген не? Тәрбиемен кімдер айналысуы керек? ; 2) Бүгінгі біздің қоғам қандай? Тәрбиелі ме? Кітап оқиды ма? Мәдениеті дамыған мемлекетпіз деп айта аламыз ба? ; «Кітап оқитын ұлтпыз ба?»; 3) «Баламызды кітап оқуға қалай қызықтырамыз?», «Мәселе балада ма, әлде ? »; 4) Дәстүрлі кітаптар мен электронды кітаптардың артықшылықтары мен кемшіліктері?; 5) Аудиокітаптардың рөлі және т.с.с.

Сондай-ақ кітапхана өз тарапынан кітап оқудың пайдасы туралы ақпараттық бейнеролик көрсетіп, «Баланы кітап оқуға қызықтыру тәсілдері» туралы презентация жасады. Сонымен қатар, «Бала тәрбиесін ұмытпаңыз ата-ана!», «Балаларға базарлық» кітап көрмелеріне шолу жасады. Кітапхана қорында бар ерекше иллюстрациялы, инновациялық сөйлейтін қаламы бар «Даналық әліппесі» кітабына, 3D, 4D кітаптарға, ашылмалы кітаптарға және балаларға арналған газет-журналдармен таныстырды. Сұхбат соңында, «Кітап оқымаудың зияны» туралы баяндама жасап, қоғам болып бірігіп, кітапты өзіміз бастап оқып, баламызға үлгі болып , жақсы нәтижелерге бірігіп жетуге шақырды.