«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Жаңаталап ауылдық кітапханасында «Бір роман – бір тағдыр» іс-шарасы өтті! Шара барысында Қабдеш Жұмаділовтің романының кейіпкерлері мен олардың тағдырлары талқыланды. Оқырмандар шығарманың негізгі тақырыптарымен танысып, пікір алмасып, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырды. Осындай кездесулер арқылы біз әрбір романның өз тағдыры бар екенін көрсетіп, кітап оқуға деген ынтаны оятамыз
«Өлкесін жырмен өрген ақын»: Махмет Назаровтың туғанына 125 жыл.
Үштөбе ауылдық кітапханасында «Өлкесін жырмен өрген ақын» атанған Махмет Назаровтың туғанына 125 жыл толуына орай тағылымдық сағат өтті. Шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, оның тек ақын ғана емес, ел қорғаған соғыс ардагері болғаны ерекше атап өтілді. Оның майдандағы ерлігі мен елге деген адалдығы жас ұрпаққа үлгі ретінде насихатталды. Сонымен […]
“Жырмен жұртты тербеткен”: Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойы
Қарақұдық ауылдық кітапханасында мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай Амангелді орта мектебінің ұстаздары мен оқушылардың қатысуымен “Жырмен жұртты тербеткен” атты поэзия палитрасы өтті. Онда «Мұқағали — мұзбалақ ақын» және «Ақиық ақын – Мұқағали Мақатаев» атты поэзиялық көрмелер ұйымдастырылып, көрмеге ақынның поэзиялық шығармалары, отбасы жайында, әнге айналған өлеңдері және […]
«Үйренеміз. Ойлаймыз. Ойнаймыз» топтық практикум-кеңес
3, 4, 5 — ақпан күндері Бұқаржырау ауданының ОКЖ-не қарасты аудандық орталық кітапханасы ғимаратында кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскерлері – Майгүл Асқарова, Ажар Абикеева, Айғаным Кутжанованың ұйымдастыруымен «Үйренеміз. Ойлаймыз. Ойнаймыз» тақырыбында топтық практикум-кеңес өткізілді. Практикум-кеңестің бағдарламасы бойынша аудандық, ауылдық кітапханашылары «Айлық есеп жазу» үлгісі бойынша жеке компьютерде практикалық жұмыс жасады. Одан кейін әдіскер Майгүл Асқарова өзі […]
«Бір ел – бір кітап» акциясы 2026 жыл!
«Бір ел – бір кітап» – 202628 қаңтар – дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының кезекті жылға арналған таңдауы жарияланды.2026 жылы ел болып оқуға халық жазушысы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмадиловтің «Тағдыр» романы таңдалды.«Тағдыр» – қазақ халқының күрделі тарихи кезеңдерін, ел мен жер тағдырын, ұлттың рухани болмысын терең […]
«Тарихыңды таны – Тұлғаңды құрметте»
2025 жылғы 14 қазан күні аудандық орталық кітапханасы және Бұқар жырау аудандық тарихи — өлкетану музейі ұйымдастыруымен елге белгілі қаламгер, өлкетанушы, журналист, қоғам қайраткері Аман Жағдаұлы Жанғожиннің 80 жылдық мерейтойына арналған «Қаламы халыққа қызмет» атты көрме және «Тарихыңды таны – Тұлғаңды құрметте» атты тағылымды кеш өткізілді.Кештің мақсаты – ел тарихын түгендеген, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес […]
«Берік отбасы-берік мемлекет»
Отбасы күніне орай кітапханамыздың “Аялы алақан” үйірмесінің қатысуымен 12.09.2025 жылы “Берік отбасы — берік мемлекет” атты іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында “Отбасылық құндылықтар” атты сұрақ-жауап ойыны өтті. Ойын шарты бойынша ойыншыға кубикті лақтыртып,түскен бөлім бойынша алты сұраққа жауап беру керек. Ойын жарыс түрінде емес,отбасы құндылықтарының маңыздылығын түсіну үшін ойнатылады. Шара барысында “Отбасы — бақыт мекені” атты […]
“Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер және оларды шешу”
Мемлекет басшысы Қасым‑Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы 8 қыркүйек, 2025 жылы сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланды. Негізгі басымдықтар:1. “Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер және оларды шешу” атты тақырыппен жасалған баяндамада:• Адамзатқа жаңа қауіп-қатерлердің пайда болуы, әсіресе жасанды интеллект негізіндегі қарудың дамуы, және геосаяси парадигманың өзгеруі секілді мәселелерге […]
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдер күні
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдер күніне орай Бұқар жырау аудандық орталық кітапханасында ауданның Төтенше жағдайлар бөлімі және 19-ӨСБ қызметкерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған «Тілдер туралы» заңда қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ұлтаралық тіл ретінде бекітілген болатын. Кейін 1998 жылғы 20 қаңтардағы Президент Жарлығымен тіл мерекесі ресми түрде аталып […]
