Жаңалықтар

БҰҚАРЖЫРАУ АУДАН ӘКІМІНІҢ СЫЙЛЫҒЫ

21-мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні.  Бүгінгі күні мәдениет пен өнер саласының мамандары халық алдында жыл бойы атқарған жұмысына есеп беруді іштей парыз санаса, халық алты атанға жүк болар жауапкершілік арқалап келе жатқан жандарға алғыс айтатын айшықты күнді ерекше етіп өткізуді жөн санап, атаулы күнге орай аудандық мәдениет үйінде мерекелік шара ұйымдастырды.

21-мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні.  Бүгінгі күні мәдениет пен өнер саласының мамандары халық алдында жыл бойы атқарған жұмысына есеп беруді іштей парыз санаса, халық алты атанға жүк болар жауапкершілік арқалап келе жатқан жандарға алғыс айтатын айшықты күнді ерекше етіп өткізуді жөн санап, атаулы күнге орай аудандық мәдениет үйінде мерекелік шара ұйымдастырды.

Шараға аудан әкімі Сұлтанғали Абылай Қайратқалиұлы қатысып, мереке иелеріне арналған жүрекжарды лебізін білдірді.

— Құрметті мәдениет саласының ардагерлері мен қызметкерлері, сіздерді кәсіби мереке -Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында мәдениет саласының алатын орны ерекше.

Осы салада қол жеткізіп отырған жетістіктер, ауданда атқарылып жатқан  мәдени шаралар сіздердің еңбектеріңізбен іске асырылып отыр. Киелі Бұқар жырау жерімізде көптеген жарқын тұлғалар мен шығармашылық зиялы қауымының дарынды өкілдері туып-өскен. Олардың баға жетпес туындылары қазақ халқының  тарихында өшпес із қалдырғаны да белгілі, — деді аудан әкімі. Сондай-ақ өнерімен өрге жүзгендер легіне  марапаттау рәсімін де өткізді.

Қарағанды облысы әкімінің «Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері» аталымы дипломмен, «Алтын қобыз» сыйлығы мен 1 000 000 теңге ақшалай сыйлығымен Ақбел ауылдық клубының меңгерушісі Молдабаева Гауһар Ғылымқызын марапаттады.

Гауһар Ғылымқызы өзіне табысталған мәртебесі жайында былай деді:

-Мен үшін күтпеген жағдай болды, әлбетте өте қуаныштымын. Осы сыйға лайық көрген, осы сыйды алуыма себепші болған барлық жандарға алғысым шексіз! Өз мамандығымды жақсы көріп істеймін,  осы саладан кетіп, мемлекеттік жұмыстарға да араласып көрдім, бірақ  жаныма жақын, сүйсініп істейтін салама қайтып келдім. Нәтижесін көріп тұрсыз. Еш өкінбеймін. Барлық әріптестерімді құттықтаймын. Өнерлері өрге жүзіп, шығармашылық шабыттары тоқырамасын деп тілеймін, — деді.

Аудан әкімі сондай-ақ «Қазақ халқының мәдениетін дамыту мен сақтаудың үздік қызметкері» номинациясымен Ботақара ауылдық клуб меңгерушісі Темірғалиева Светлана Әшімқызын, «Ең үздік кітапханашы» номинациясымен Ботақара ауылдық   кітапханасының кітапханашысы Сахимова Бақыт Зинатоллақызын, «Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері» номинациясымен Қарақұдық ауылдық клубының меңгерушісі  Хасенова Жұлдыз Ғазизқызын, «Үздік архивист» номинациясымен аудандық архив  қорының бас сақтаушысы Балпанова Әсел Қылышбекқызын, «Үлгілі кітапхананың үздік кітапханашысы» номинациясымен аудандық орталық үлгілі кітапханасының кітапханашысы Асқарова Индира Шариполлақызын, «Мамандығына адалдығы үшін» жүлдесімен Ғ.Мұстафин кентінің Мәдениет үйінің меңгерушісі Сарангова Татьяна Сергеевнаны, Бұқар жырау ауданы әкімінің ең басты сыйлығы — «Мәдениет майталманы» номинациясымен Шешенқара ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі Бурашева Жанна Амангелдіқызын марапаттады.

Барлық номинация иелері мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен 100 мың теңге ақшалай сыйлықтар табысталды.

Одан әрі аудан әкімінің Құрмет грамотасы және алғыс хатымен Хасенова Жанна Қуанышбекқызы, Биболова Бахтыгүл Ахметқызы, Жамамбаева Торғын Жексенбекқызы, Уаш Темірбек, Искакова Перизат Кәріғұлқызы, Әбенов Балхаш Әлғожаұлы, Камынина Лариса Сергеевна, Амирова Тұмар Батайқызы, Мельник  Наталья Владимировна, Гүлназим Оңалған, Муталяпова Гүлнар Оразбекқызы, Айтамбетова Айнагүл марапатталды.

Мерейлі күні марапатталғандар суретке түсіп, аудан әкімнің алғысына бөленіп жатқан сәтінде әдемі әуен қосылып, Хасенова Жанна «Жалын кешкен» әнін шырқады.

Одан әрі Қарағанды облысы Кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасын табыстау үшін сахна төріне Бұқар жырау аудандық мәслихатының  хатшысы Әли Асхат Сағадиұлы шақырылды.

Асхат Сағадиұлы Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының   Құрмет грамотасымен Искакова Аида Сұңғатоллақызын, Аманжолова Ольга  Михайловнаны, Сүлейменова Гаухар Досымханқызын, Елжанов Жұмағалиді, Рахимова Ботакөз Төлеутайқызын, Романченко Нина Владимировнаны, Жамкеева Рымкүл Әскерқызын, Мәлік Жомарт, Төкентаева Әлия Мәжитқызын, Бекболатова Шарбану Майданқызын марапаттады.

Сахнаға келесі марапатты табыстау үшін Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Шайкенова Әлия Елубайқызы шақырылды.

Әлия Елубайқызы «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен Маемеров Қайролла Белгібайұлын, Дүйсекова Айгерім Секербайқызын, Амантайұлы Азаматты, Абаханова Олеся Ивановнаны, Какимова Назгүл Боранбайқызын марапаттады. Аталған марапат иелері естелік суретке түсіп, сахна төрінен алыстаған соң, музыкалық номер жарияланып, ортаға Қалиев Еркебұлан «Құпия махаббат» әнімен шықты.

Марапатты одан әрі жалғастыру үшін сахна төріне Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Оспанов Айдар Әбікенұлы шақырылды. Айдар Әбікенұлы Бұқар жырау аудандық Мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің  Құрмет грамотасымен Иманов Медет Сағатұлын, Қыздарбекова Жансая Айтбайқызын, Кугатов Денис Александровичті, Әмірбекова Лия Қасымқызын, Жұмекенова Айнаш  Нұрахметқызын, Хуандаг Ализаны, Сайлау Гүлжаухар Қанышқызын, Меркель Виталий Николаевичті, Кокумбаева Жұмабике Айтмұратқызын, Никитина Наталья Павловнаны, Божанова Сабина Дарханқызын марапаттады.

Мәдениет саласында абыройлы қызмет істеп, бүгінде құрметті демалысқа шыққандары бар және сонымен қатар көп жылдар еңбек етіп жүрген  аяулы жандарға тағы да бір мәрте құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары табысталды. Мәдениет саласының үздіктері марапатталған шара мерекелік концертпен жалғасын тапты. Мереке күні мерейленгендердің құрметіне орай әндер шырқалды.

Маңызды мәдени шараларды ұйымдастырып, ұлттық өнер мен тарихи жәдігерлерді дәріптеуде тиянақты іс тындырып жүрген мамандардың арқасында ауданның мәдениеті жылдан-жылға өркендеп келеді. Ал мәдениеті мықты елдің еңсесі биік, рухы да жоғары болатыны мәлім.

Бұл мереке туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандарды біріктірген, шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі, әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн. Ал мәдениет қызметкерлері – айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман шебері ретінде өнерге берілген азаматтар. Сондықтан халыққа үздік мәдени қызмет көрсетіп жүрген мәдениет қызметкерлері мен сала ардагерлерін әрдайым мақтан етеміз.

Ауданымыздың өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып, осы саланың мерейін көтеріп жүрген сіздерге айтар алғысымыз көп. Киелі өнер жолында қасиетті Ботақара өңірін елге танытып, биік тұғырдан көрсетіп жүрген баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге шабыт, жаңа шығармашылық ізденістер тілейміз!

А.Ерубаева

 

Д.Торжановтың суреттерінде: дүбірлі мереке сәттерінен көріністер.