«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Жаңаталап ауылдық кітапханасында «Бір роман – бір тағдыр» іс-шарасы өтті! Шара барысында Қабдеш Жұмаділовтің романының кейіпкерлері мен олардың тағдырлары талқыланды. Оқырмандар шығарманың негізгі тақырыптарымен танысып, пікір алмасып, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырды. Осындай кездесулер арқылы біз әрбір романның өз тағдыры бар екенін көрсетіп, кітап оқуға деген ынтаны оятамыз
Рубрика: Жаңалықтар
«Өлкесін жырмен өрген ақын»: Махмет Назаровтың туғанына 125 жыл.
Үштөбе ауылдық кітапханасында «Өлкесін жырмен өрген ақын» атанған Махмет Назаровтың туғанына 125 жыл толуына орай тағылымдық сағат өтті. Шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, оның тек ақын ғана емес, ел қорғаған соғыс ардагері болғаны ерекше атап өтілді. Оның майдандағы ерлігі мен елге деген адалдығы жас ұрпаққа үлгі ретінде насихатталды. Сонымен […]
“Жырмен жұртты тербеткен”: Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойы
Қарақұдық ауылдық кітапханасында мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай Амангелді орта мектебінің ұстаздары мен оқушылардың қатысуымен “Жырмен жұртты тербеткен” атты поэзия палитрасы өтті. Онда «Мұқағали — мұзбалақ ақын» және «Ақиық ақын – Мұқағали Мақатаев» атты поэзиялық көрмелер ұйымдастырылып, көрмеге ақынның поэзиялық шығармалары, отбасы жайында, әнге айналған өлеңдері және […]
«Бір ел – бір кітап» акциясы 2026 жыл!
«Бір ел – бір кітап» – 202628 қаңтар – дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының кезекті жылға арналған таңдауы жарияланды.2026 жылы ел болып оқуға халық жазушысы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмадиловтің «Тағдыр» романы таңдалды.«Тағдыр» – қазақ халқының күрделі тарихи кезеңдерін, ел мен жер тағдырын, ұлттың рухани болмысын терең […]
«Тарихыңды таны – Тұлғаңды құрметте»
2025 жылғы 14 қазан күні аудандық орталық кітапханасы және Бұқар жырау аудандық тарихи — өлкетану музейі ұйымдастыруымен елге белгілі қаламгер, өлкетанушы, журналист, қоғам қайраткері Аман Жағдаұлы Жанғожиннің 80 жылдық мерейтойына арналған «Қаламы халыққа қызмет» атты көрме және «Тарихыңды таны – Тұлғаңды құрметте» атты тағылымды кеш өткізілді.Кештің мақсаты – ел тарихын түгендеген, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес […]
«Берік отбасы-берік мемлекет»
Отбасы күніне орай кітапханамыздың “Аялы алақан” үйірмесінің қатысуымен 12.09.2025 жылы “Берік отбасы — берік мемлекет” атты іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында “Отбасылық құндылықтар” атты сұрақ-жауап ойыны өтті. Ойын шарты бойынша ойыншыға кубикті лақтыртып,түскен бөлім бойынша алты сұраққа жауап беру керек. Ойын жарыс түрінде емес,отбасы құндылықтарының маңыздылығын түсіну үшін ойнатылады. Шара барысында “Отбасы — бақыт мекені” атты […]
“Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер және оларды шешу”
Мемлекет басшысы Қасым‑Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы 8 қыркүйек, 2025 жылы сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланды. Негізгі басымдықтар:1. “Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер және оларды шешу” атты тақырыппен жасалған баяндамада:• Адамзатқа жаңа қауіп-қатерлердің пайда болуы, әсіресе жасанды интеллект негізіндегі қарудың дамуы, және геосаяси парадигманың өзгеруі секілді мәселелерге […]
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдер күні
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдер күніне орай Бұқар жырау аудандық орталық кітапханасында ауданның Төтенше жағдайлар бөлімі және 19-ӨСБ қызметкерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған «Тілдер туралы» заңда қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ұлтаралық тіл ретінде бекітілген болатын. Кейін 1998 жылғы 20 қаңтардағы Президент Жарлығымен тіл мерекесі ресми түрде аталып […]
19-наурыз Жаңару күні
19 наурыз — «Жаңару» күні жаппай ағаш отырғызу дәстүрі еліміздің жаңару кезеңін, дамуы мен гүлденуін бейнелейді.Наурызнаманың әр күні игі іс-шаралармен жалғасып, ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп жатыр. Жаңару күні әрбір азаматтың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді.Бұл күні адамдар ағаш егіп, ұрпағымыз көктеп, көгерсін деп ниеттенеді. Отырғызылған ағаштардың жеміс бергені сияқты жаңа идеялар мен құндылықтар, алға қойған мақсаттар […]
18-наурыз Ұлттық киім күні
Наурызнаманың бұл күні – «Ұлттық киім күні» деп аталды. Ұлтымыздың ұлылығын айшықтайтын ұлттық киім әрқашан өз құндылығын жоғалтқан емес. Қазақы ою мен әшекейлер, сәукеле мен кимешек, шапан мен кең етекті көйлек ұлттық болмысымызды ерекшелеп тұратыны анық. Бұл күнді ұлттық киім күні деп атауы бекер емес. Өйткені, дәл осы күні ұлттық киімдер мен сәнді бұйымдар көрсетілімі халық назарына ұсынылып, […]
