Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша 8 сәуір -11 мамыр аралығында экологиялық ахуалды жақсартуға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылған болатын. Осы республикалық акцияның көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстарына негізделген «Жасыл аймақ» аптасының жалғасы ретінде 16 мамыр күні Үлгі ауылындағы «Қаныш бағында» Бұқаржырау аудандық Мәслихаты мен аудандық кітапхана бастамасымен «Көшет егу – көшелі іс» ақпаратты-экологиялық акциясы ұйымдастырылды. осы шарадан бейнематериалды назарларыңызға ұсынамыз!