Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бөлімі
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бөлімі
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ НАСИХАТТАУ БӨЛІМІ
— Республикалық БАҚ-да радио-телеарналарда, әлеуметтік желілерде Орталықтың жұмысы туралы материалдар жариялау;
— Tik-tok, Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде мемлекеттік рәміздер бойынша қысқаметражды видеороликтерді тұрақты жариялауды ұйымдастыру;
Геральдикалық зерттеулер орталығы осы уақытқа дейін бірнеше білім беру ұйымдары, зерттеу институттары, мәдениет ошақтарымен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Атап айтқанда, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Сейфуллиан атындағы Қазақ Агротехникалық университеті КеАҚ, Астана қаласының мектептері, «Музыкалық жас көрермен театры», Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Халық қазынасы» ҒЗИ, «Мәдени мұра» журналы, Мәдениеттерді жақындастыру орталығы, ҚР Ұлттық музейі.
Геральдика саласы 72 ғылыммен байланысты болғандықтан бірнеше сала бойынша геральдикаға қатысты ой-пікірін айтып жүрген ғалымдардан құралған Ғылыми кеңес құрып, әр ай сайын Кеңес отырысын өткізіп тұрады.
Шиналиева Гафура Маханбетовна
Бас маман
Өткізілген іс - шаралар
Записи не найдены!
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бөлімі (бұдан әрі — Бөлім) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің міндеті, Мемлекеттік рәміздерді насихаттау тұжырымдамасын әзірлеп, насихаттау жоспарына сәйкес әдістемелік жұмыстар атқарады. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыстарды үйлестіреді. Мемлекеттік рәміздерді пайдалана отырып елдік брендбук қалыптастыру жұмыстарын сүйемелдейді.
Орталық және жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді қолдану және насихаттау мәселелері бойынша консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді. Мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен хат алмасуды ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына және орталықтың Жарғысына қайшы келмейтін, Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға байланысты өзге де шараларды жүзеге асырады.