Мемлекеттік рәміздер
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер — бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
ГЕРАЛЬДИКА ТАРИХЫ
Геральдика ( heraldica) — гербтерді зерттейтін тарих ғылымының бір саласы. Генеология, нумизматика, палеография, сфрагистика сияқты тарихи пәндермен тығыз байланысты. «Геральдика» термині «heraldus» яғни жаршы деген сөзінен шыққан. Ортағасырлық Еуропа корольдерінің сарайында гербтердің кімге тиесілі екенін анықтайтын, тіркейтін, жүйелейтін және жаңа гербтерді жасайтын арнайы адамдар — герольдтар болған. Кейіннен олар «Герольдия» атты мекемелерге біріктіріледі. Олар геральдиканың белгілері мен бояу түстері ұғымдарының ерекше жүйесін жасады.
Қазақ геральдикасының тарихы тереңде жатыр. Тәуелсіз, жеке дербес ел болудың бір сипаты — оның рәміздері. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимн — ұлттық құндылығымыз.
Геральдика – тарих, вексиллология, гимнология, нумизматика, сфрагистика, фалеристика, символизм, палеография, эпистемология, гносеология, генеология, геология, этимология, өнертану, хронология, археология, метрология, картография, папирология, палимпсес, эпиграфика, мифология, этнографика, пиктографика, лингвистика, айдентика, семиотика, сигуманистика, ономастика, топономика, антропонимика, теонимия, этнонимика, космонимика, зоонимика, тинктура, т.б. ғылымдармен байланысты.
Бұрынғы кезде тұлғалық, топтық, әулеттік, рулық, тайпалық, хандық, қағандық таңбалар болса, қазіргі кезде (аудандық, ауылдық округ, қала, облыс, республикалық мәртебеге ие қалалар) дың өз таңбалары бар.
Осы орайда ұлттық геральдикамыздың тұғыры — Мемлекеттік рәміздерді қолданудың құқықтық нормативтерін сақтау мақсатында ел Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 195 қаулысымен Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетіне қарасты «Геральдикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылған болаты.
Тарихы терең геральдика сөзі — таңбатану ілімі дегенді білдіреді. Гербте кез келген бір халықтың, не адамның өткені мен бүгіні, ертеңі туралы құнды ақпараттар бар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін рәміздердің бірі. «Флаг» термині нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
ҚР Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн. Күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Ал күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінде берілген. оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата.
Қыран (бүркіт) бейнесі – бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы ұғымдармен ұштасып, жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмтылысын көрсетеді.
Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Герб — Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелігін білдіреді. Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі — көгілдір түс аясында жасалған.
Шаңырақ — киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Шаңырақ — бүкіл көшпелі өркениеттің символы. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі — елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанның символы. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған.
Жоғары бөлігінде — көлемді бес бұрышты жұлдыз, Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді. Мемлекеттік гербте жұлдыздың бейнеленуі, қазақстандықтардың жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық. ал төменгі бөлігінде «Qazagstan» деген жазу бар. Гербте қолданылған негізгі түс — алтынның түсі. Бұл — байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы.
Егеменді Қазақстанның Гербі 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары—белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі.
Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз болып саналады.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет — 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
Гимн — мемлекеттің басты рәміздерінің бірі.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет — 1992 және 2006 жылдары бекітілді. 2006 жылы халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденовтікі, әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов пен Нұрсұлтан Назарбаев.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ГИМНІ
Сөзін жазғандар: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев.
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген қазағым мықты ғой!
ҚАЙЫРМАСЫ:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
ҚАЙЫРМАСЫ:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Мемлекеттік Гимн халық жүрегінің лүпілін танытып, адамдарды патриоттық сезімге бөлейтін музыкалық бойтұмар іспеттес. Оның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен рухани жан-дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз еркіндікке құштар көңіліміз жақсы көрініс тапқан.
Гимн – Егеменді еліміздің Туы мен Елтаңбасының сазды баламасы.
Мемлекеттік емес рәміздер – таңба, нышан, эмблема, логотип, бренд, брендбук, брендинг, леттеринг т.б. Бұлар бірінің орнына бірі қолданылмайды.