Жұмашева Майда (7.11.1939ж.т) – ақын. Атақты Мәдидің Үшқарасының етегіндегі қыстақта дүниеге келген. Сол кездегі Жамбыл кеңшары кейінде Арқалық атанған ауылда орталау мектепті бітіріп ұжымшар басқармасында хатшылық қызмет атқарған. Кейіннен Қарағандыдағы бухгалтерлік курсты бітіреді. Алғашқы өлең жолдарын мектеп қабырғасында жүргенде жазған. Қызмет істеп жүрген кезде жазған өлеңдеріне балқантаулық ақын Кәрім Сауғабаев назар аударып, аудандық «Ленин туы» газетіне жариялап, тілшілікке тартады. Жұмашева Майда зейнет жасына жеткенше ауылдың әйелдер кеңесінің төрайымы болады. Арқалық кеңшарының Халық театры атағын шығаруда, ауыл көркемөнерпаздарын даярларуға, ауылдар арасында өтетін айтысқа ақындар дайындауда көп еңбек еткен аяулы жан. Кейіннен Бұқар жырау ауданының Доскей ауылына көшіп келіп, ауданның мәдени өміріне етене араласып, ақындық, әншілік өнерімен үлес қосып келеді. Өлеңдері облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде, «Азия — Транзит» журналында жарияланып тұрады.
Краеведение
Posted in
ЖҰМАШЕВА МАЙДА
Автор Редакция библиотеки