Балдәурен балабақшасының бүлдіршіндері кітапханада!
«Балдәурен» балабақшасының тәрбиеленушілері Аудандық орталық кітапханамызға арнайы келіп, қызықты экскурсия жасады. 🌸
Балдырғандар кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысып, кітап әлеміне саяхат жасады. Балаларға кітапты күтіп ұстау, кітапханадан қажетті әдебиетті таңдау туралы түсінік берілді.
📖 Кішкентай оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру – біздің басты мақсатымыз.
Бүлдіршіндерге жарқын көңіл-күй мен қызықты кітап әлеміне жасаған алғашқы қадамдарына сәттілік тілейміз! 💐
#Кітапхана #БалдәуренБалабақшасы #КітапӘлемі #БалаларКітапханасы #Экскурсия
Uncategorized
Posted in
«Балдәурен» балабақшасының бүлдіршіндері кітапханада!
Posted in
