Ростовка ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Зерделі ұлт» бағдарламасы аясында «Кітап бульвары» атты әдеби көше фестивалі өтті.
Фестиваль барысында тұрғындар мен қонақтар жаңа кітап көрмелерімен танысып, әдеби викторинаға қатысып, өздері оқыған сүйікті кітаптарын таныстырды. «Поэзия мінберінде» қатысушылар жүрекке жақын өлеңдерін оқып, «Буккроссинг» акциясы арқылы кітап алмасып, кітап оқудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.
Іс-шара барысында кітапхана атынан қонақтарға бауырсақ, қымыз, тәтті дәмдер мен сергітетін сусындар ұсынылып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Фестивальге үлкенді-кішілі 20 адам қатысып, мазмұнды әдеби кештің куәсі болды. Мұндай шаралар кітапқа деген қызығушылықты арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосады.
Кітап – білімнің бастауы, руханияттың шамшырағы!
Жаңалықтар
Posted in
«Кітап бульвары» әдеби көше фестивалі
Posted in
