«Менің кітабым» атты ашық микрофон
Қарақұдық ауылдық кітапханада оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында “Kitap time — 2026” фестиваль аясында «Менің кітабым» атты ашық микрофон шарасы өткізілді.
Шара барысында кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы айтылып, кітап – білім мен тәрбиенің, рухани дамудың қайнар көзі екені атап өтілді.
Шараның «Менің сүйікті кітабым» бөлімінде қатысушылар өздері ұнататын кітаптардың атауы мен авторларын атап, шығарманың мазмұны, өздеріне әсер еткен тұстары және сүйікті кейіпкерлері туралы әңгімеледі. Әр оқырман өзі оқыған кітабының қандай ой қалдырғанын айтып, басқа оқырмандарға кітап оқуға ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар әр оқырман өздерінің сүйікті кітаптарымен селфи жасады.
Жаңалықтар
Posted in
«Менің кітабым» ашық микрофон
Posted in
