Жазғы демалыстың шуақты күндерінің бірінде Аудандық балалар кітапханасының оқырмандары ерекше саяхатқа аттанды. Ботақара кентінің құрылғанына 125 жыл және Ғ.Мұстафин кентінің құрылғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем!» атты өлкетану экскурсиясы балаларға туған жер тарихын жақынырақ танып-білуге мүмкіндік берді. Таңертең аудандық кітапхана алаңына жиналған жас оқырмандар кітапхананың библиобусына отырып, Ғ.Мұстафин кентіне жол тартты. Жол бойы балалар үшін арнайы танымдық бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарламаның негізгі тақырыбы Ботақара кентінің 125 жылдық мерейтойына арналды.
Uncategorized
Posted in
«Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем!»: Ботақара кентінің құрылғанына 125 жыл және Ғ.Мұстафин кентінің құрылғанына 80 жыл!
Автор Редакция библиотеки 0 on «Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем!»: Ботақара кентінің құрылғанына 125 жыл және Ғ.Мұстафин кентінің құрылғанына 80 жыл!
Posted in
