КГУ "Централизованная" библиотечная система
Бухар-жырауского района"
акимата Бухар-жырауского района

Жаңалықтар

«Құтқарушылар-бүгінгі күннің батырлары»

Құтқарушылар-бүгінгі күннің батырлары
Құтқарушылар күніне орай Аудандық орталық кітапханамызда өрт сөндірушілермен танымдық кездесу өтті.

Шара барысында қонақтардың қызметі туралы бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесі таныстырылды. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігіне арналған куиз ойыны ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Мерекеге орай бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.

Адам өмірін қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген өрт сөндірушілерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, қызметтеріне сәттілік тілейміз!

Ерліктеріңізге мың алғыс! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

#ҚұтқарушыларКүні#ӨртСөндірушілер#ЕрлікПенӨжеттік#Кітапхана#ӨртҚауіпсіздігі

Оставить отзыв