Аудандық орталық модельді кітапханасының оқу залында Аудандық қазақ орта тірек мектебінің 9-10 сынып оқушылар қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел өтті. АОМК кітапханашылары желтоқсан оқиғасы туралы, тәуелсіздік алғанан бастап осы күнге дейін жеткен жетістіктерді айтып өтті. Жиынымыз мемлекеттік Әнұраннан басталып, «Желтоқсан желі» өлеңімен аяқталды. Сонымен қатар «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты кітап-көрме ұйымдастырылып, шолу жасалды.
Кітап-көрме 6 бөлімнен тұрды.1-ші бөлім – Желтоқсан оқиғасы кітап беттерінен, 2-ші бөлім – Азаттық аңсағандар, 3-ші бөлім – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н.Ә.Назарбаев, 4-ші бөлім – Қазақстанның қазіргі кезеңдегі сыртқы саясаты, 5-ші бөлім – Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуы және 6-ші бөлім – Тәуелсіз Қазақстанның мәдени дамуын көрсететін кітаптардан тұрады.
Орыны ағалардың бізбен толсын, сәбилер ағалардың жолын қусын, аруақ ағалардың ырза болсын – деп 1 минут үнсіздікпен еске алдық. «Желтоқсан оқиғасы.1986 жыл» видебейне көрсетіліп, «Тәуелсіздік жылдары» виртуалдық сұрақтар қойылды. Белсенді қатысқан оқушыларға кітапхана атынан естелік сыйлық берілді. Іс-шара сонында мектем меңгерушісі – Ерсін Жетпіспаев сөз сөйлеп, кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Жауапты: АОМК. Қатысқандар саны – 17 адам.