Шушаев Қаптай Ысқақұлы

Шушаев Қаптай Ысқақұлы 1914 жылы туған. Қызылжар селосында жетіжылдық мектепті бітірген. 1938 жылы Жезқазғандағы техникумды бітіріп, 1939 жылы әскерге шақырылып, Фин соғысына қатысқан.1941 жылы маусым айында әскери борышын өтеп, «Еду домой, встречайте ваш сын Каптай» деген телеграмма жіберген, бірақ үйіне жетпей,  екі күннен соң сапқа қайтып оралған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстың бас кезіндегі ұрыста екі жарақат (басынан, аяғынан) алған. Ұрыстардың бірінде тұтқынға түсіп, көп азап көрген Қаптай қарауылшыға қарсы шыққан. Сол жерде оқ астына алынған ол қаза тапқан. Қаптай туралы жерлесі Тәуекел Әміров «Крах легиона»кітабында жазылған естеліктері бар.

Шушаев Қаптай Ысқақұлы
Яндекс.Метрика