Айгүл Ерубаева

Мен Ерубаева Айгүл Советқызы 1995 жылы 1 мамырда Бұқар Жырау ауданы Корнеевка ауылында дүниеге келдім.2001 жылдан бастап Ботақара кентінде тұрамын. Ботақара кентінде жалпы білім беретін №1 қазақ орта мектебінің 2010 жылғы түлегімін. Қазіргі таңда Қарағанды қаласының «Болашақ маңызды білім беру» колледжінің «Негізгі білім беру» мамандығының  студентімін.

Поэзия әлеміне ен алғашқы қадамымды 6 сыныпта жасадым. Мектеп қабырғасында жүргенде өлеңдерім «Сарыарқа»  газетінде жарияланып жүрді. Әртүрлі аудандық, облыстық  мүшайралардан да құр алақан емеспін.  Ең алғашқы өлеңім анама арналған болатын. Көптеген себептер поэзия әлеміне тұрақтауыма себеп болды. Махаббат атты ұлы сезім, достық деген ұлы сезім және жан күйзелісі. Осы сезімдердің барлығы адам жүрегін елжіретіп, езілтеді.

 

 Арнау (Бұқар Жырау)Қазағымның жырауы, данышпаны,

Бұқар жырау елімнің арыстаны,

Қызыл тілдің өнерін тамызатын,

Атың сенің шыңдарға шарықтасын.

 

Ақ борандай  бұрқыратып  өлеңдері,

Қазақ осы өлеңді білер ме еді?

Жырыменен зарлаған қайран атам

Сан құбылтқан сөзіңмен тербе мені.

 

Ақыл менен парасат берік тұғыр,

Ғұламалық шешендік биік шынар.

Қайран бабам қазағымның үні едің

Жас ұрпаққа азандай болып тұрар.

 

Жаратылдың бағына қазағымның

Жемісін татып жүрміз азабыңның

Сен ұлысың сан ғасыр тарихыңмен

Болмасын енді сендей азалы ақын

 

Жұмбақ сырлар қандырған сол заманды

Қасиетімен жандырған бар ғаламды

Бөленіп  буырқанған  зор сезімге

Тұмар  қылып тағынам сан жараңды

 

Тұңғиыққа жетелейді қиял қанат

Рухың биік құдіретің нет кен ғажап

Алапаттты дауылдай өлеңіңнен

Халқыңыздың жүрегі еркін,азат

 

Боз далаңда құмарым басывлады

Сан сырлардың бейнесі ашылады

Намысы мен  арыңа бас ұрамын

Қасиетті Бұқар Жырау тасына бір

 

Бағзы күнін том кітап жасырады

Тарихына сан ойларың шашылады

Құлақ салып тыңдасаң самал желін

Бұқарлардың жаңғырады асыл әні

 

Сөз сойылдың мазмұнын ұсатпадым

Өлең өртті сен болып тұзақтадым

Кең даламды бабалар тастап кеткен

Осы өлеңін қолыммен құшақтадым.

Мүсәпір

Мен ешқашан қолын  жайып, мүсәпір болып отырған қазақ азаматын көрмеппін.

Бір күні Қарағанды базарына барсам, қазақ жігіті отыр екен, жүрегім аузыма тығылды…

Автордан

 

Мүсәпір боп қолын жайып пендеге

Қызық  көрмей мына бейбақ жаралы

Көшеде отыр бір жас жігіт кемтарлау

Ақша табу санасынан қалауы

 

Нұрсыз көзі жаутандайды әркімге

Тиын берер пенде болса саналы

Жаратқаннан сұрамадым қайғыны

Шаһид болдым ұлы жолда азалы

 

Деген оймен қарағандай көзіме

Мөлдір суға толастай кеп жанары

Қиялыммен құштым жасын сезіне

Сыр ақтарды ол құлақ  салдым сөзіне

 

Тағы кел деп жаутаңдайды амалсыз

Жылап кетті жаратқанға жалынып

Қолын жайып мүсәпір боп отырған

Қазақ ұлы түспесін деп көзіме

 

 

*****************************************************

 

 

Өзіңді қатты сағындым…

 

Өткен күндердің елестерінен жаңылдым

Өзіңе ғана жалғызым менің бағындым

Сүйемін деші ып-ыстық  іңкәр сезіммен

Өйткені жаным

Өзіңді қатты сағындым….

 

 

Түндерде сені іздедім ессіз сабылдым

Өзіңмен өткен әр сәтке тылсым табындым

Тым құрығанда түсіме енші жай ғана

Себебі жаным

Өзіңді қатты сағындым…

Яндекс.Метрика