Раисова Бәткен

Мен  Раисова Бәткен Қабыкенқызы 9 наурыз 1956 шы жылы бұрынғы Ворошилов ауданы, Пушкин совхозы Кұрама бөлімшесінде дүниеге келдім. 1963 жылы мектепте барып 1973 ші жылы 10 жылдықты бітірдім. 1973 ші жылы бухгалтерлік курсты оқып 1974 ші жылдан бастап Пушкин селолық советінде 25 жыл бас есепші қызмет атқардым,сырттай Мичурин совхоз-техникумын оқып бітірдім. Бірнеше рет селолық советке депутат болып сайландым. 2003 ші жылдан 2014 ші жылға дейін Ақбел ауылындағы селолық клубта көркемдік жетекші, меңгеруші, болып қызмет атқардым, атқарған еңбегім бағаланып,аудан,облыс  тарапынан мақтау қағаздары мен дипломдарға ие болдым. 2014 ші жылы аудан әкімінің сыйлығының лауриаты атандым,2015 ші жылдан зейнеткерлік демалыстамын. Жанұямда жолдасым зейнеткер, 1 қыз,2 ұл тәрбиелеп өсірдім, балаларым жоғары білімді қызым-техника ғылымдарының докторы.Жеті немерелерімнің әжесімін. Жас кезімнен поэзияға жақын болдым, қазақтың халық ақындарының өлеңдерін сүйіп оқимын,өзімде аздап өлең жазамын.

 

 

Қазақстан халқының достығы

 

Бар халықпен етене араласқан

Төрінен орын берер ұлтына қарамастан

Кішіпейілдікпен өзінен биік қойып

Силасқан өзге ұлтпен сонау бастан

 

Үйіріп әр ұлттардың басын қосқан

Қазақтай халық барма елден асқан

«Кең болсаң, кем болмайсың»-деп

Ұрпағына тәрбие берген бала жастан

 

Өзгенің жақсылығын көрсе егер

Әділ ғой- деп ол жанды  орысқа теңер

«Тамыр»-деп әңгімесін бастап алған

Қөз алдыма кешегі атам келер

 

Мейірімділік қазақтың қанында бар

Ақ пейіл қамқорлығы жанында бар

Адамзаттың баласын алаламай

Түсінікпен қарайтыны арында бар

Алладан дархан пейіл сый берілді

Жасай бер туған елім кең пейілді

Халықтар достығының символы-Қазақстан

Биіктен көрем сенің ертеңіңді

 

******

Бір шаңырақ астында

 

Уақыттың тегершігін доғарар кім

Ойына әр кезеңі оралар мың

Басқарған ауылымды әр кездері

Еңбегі ұмытылмас ағалардың.

Не күндер өтті талай жан шыдаған

Күндіз-түні тыным таппай шырылдаған

Халқының бақыты үшін,ауыл үшін

Бұлардың маңдай тері тамшылаған.

Еңбекпен маңдайдан тер шығарғаны

Сонда тек орындалар шын арманы

Қапиза, Күлпәш, Люба, Мариялар

Селдетіп сүт бұлағын ағызғаны.

Не деген Валя, Надя, Шура мықты

Ерлігін елі көріп, өзін ұқты

Ойнаған құлағында трактордың

Түспейді ел аузынан қазір тіпті.

Бұл күнде болып кетті аты аңыз

Кезінде миллионер совхоз атанғанбыз

Орден алған Оралханов, Нокиндерді

Айтуға кейінгі ұрпақ бізге парыз.

Халқым бар мал өсірумен айналысқан

Егін орып, шөп шауып арпалысқан

Еңбегінің арқасында Ақбел ауылы

Қиналмай шыққан еді дағдарыстан.

Қазбектей атамыз бар ауылымызда

Төтеп берген қиыншылық дауылына

Қызыл Ту орденді шахтер болған

Ашаршылық, соғыстан сыр шертеді ауылына.

Сәтпаев атындағы мектебіміз

Интернат жылы ұя мекенеміз

Білімді ұстаздардан білім алдық,

Қашанда мектепті мақтан етеміз біз.

******

«Ата заң-әділдіктің арқауы»

 

Тәуке ханнан бастау алған жеті жарғы

Бұл заңымыз келе жатқан бабадан арғы.

Ата бабаның бастауымен, ақ ізімен

1995 жылы жаңа заң қабылданды.

 

20 жыл толды биыл Ата заңға

Халқымыз бағынады осы таңда

Бір ізбен жүреді елі қазағымның

Құдіретті айбынды Заңы барда.

 

Ата заңым тәуелсіздік тірегі,

Халықпенен бірге соғар жүрегі.

Оқу,өнер,тірбиеге бастайтын,

Жеткіншекті, келер ұрпақ түлегін.

 

Ата заң-айбарымыз, ардағымыз

Тұғырымыз, абыройлы ар-ожданымыз.

Жасай берсін қазақ елі,шарықтасын

Құтты болсын арайлы ақ таңымыз.

Ата заң-әділдіктің арқауы

Бейбіт елдің биіктерге шырқауы

Жеткіншектер алға бастап шарықтап

Өсіп келеді келер ұрпақ ынталы.

 

 

Ата заң-айбарлы да айбынды

Келешегі мол терең және айдынды.

Тәуелсіз ел арқасында достықтың

Бейбітшілік жасай берері айқынды.

 

Конституция- тұрақтылық кепілі

Әкелген елге егемендік, еркіндік.

Жасай берсін Конституция-Ата заң

Қазақ елі алға баста серпінді.

******

Өшпес ұрпақ жүрегінен

 

Тыңданыздар,тыңдаңыздар қара бұлт шалды аспанды

41 дің жазында соғыс бүгін басталды

Қан майданға соғысуға жауменен

Аттандырды не бір қыршын жастарды

22 миллион Ұлы отан соғысының құрбаны

22 миллион жастық шақты ұрлады

22 миллион жер жастанды жат елде

22 миллион қайтып сапқа тұрмады

Есіне алып ауылда қалған анасын

Асыл жарын жөргектегі баласын

Солдат отыр бір ағаштың түбінде

Ауырсынып денесіндегі жарасын

Жауды жеңіп жеңіспеннен оралсам

Ел қорған ер есімде бола алсам

Деп тілейді кәрі ата-анамды

Ақ арулап өз қолымен қоя алсам

Келешекке қиялмен көз жүгіртті

Жау тылында отырғанын ұмытты

Фашистерге өз інінде су құйып

Туған жерге оралудан үмітті

Естілді тағы фашистердің айқайы

Үрген иттер таяп қалды байқайды

Бір жалмауыз жалғыз көзді төніп тұр

Әзірейіл жібергендей арнайы

Қан қақсата дәл басынан бір соқты

Жарқ етті, есінен таңдырды бұл  соққы

Адамзатты осынша қинап ұрғанша

Оданда шығын қылсайшы дейді бір оқты

-Бес танкіні сен азиат өртедің

Жаныңменен төлейсін қазір өтемін

Беріл бізге бар сырыңды жайып сал

Сонда ғана жаныңды олжа етемін

-өлтір фашист берілмеймін бірақта

Бірде жалғыз жауап ала алмайсың сұраққа

Отаңды сатып сендерге құл болғанша

Ақ өліммен сүйегім қалсын жырақта

-Елім,үшін, отан үшін кетемін

Фашистердің түбіне бәрібір жетемін

Жеңіс туы желбірейді елімде

Қорғап қалам ұрпағымның ертеңін

Деп-еді ол фашист сонда кәрленді

Ұрып соғып айтып жатыр әр нені

Ең соңғы рет көзін ашып қараса

Көк аспанда ай туыпты әдемі

Ол ажалдан бірақта сескенбеді

Төніп тұрған өлімді ескермеді

Үнсіз іштей қоштасып бұл жалғанмен

Күнәм болса бір алла кеш-деп еді

Жат жерде қазақ қалып барады

Бірге кетті өзімен ақ арманы

Бұндай жанды өлді деуге болама

Ұрпақтары мәңгі еске алады

Тосуменен сарғайумен санасы

Шерменде өтті солдаттардың анасы

Үнсіз жылап 41-ші жылғы келіншек

Жол тосады 41-дің баласы

Соғыс жылғы келіншектер көнтерлі

Пішен шауып егін екті қиындықты көтерді

Қолғап тігіп,шұлық тоқып майдангерге жіберді

Бар жұмысты майдан үшін иығымен көтерді

Жесір қалды бірақ отын өшірмеді

Жетім қалды тіршіліктің көшіне енді

Ұрпағымын ел қорғаған жауынгердің

Деген ойлар мәртебесін өсіреді

Зұлым соғыс бітер емес бірақта

Азамат жүр елден алыс жырақта

Өзін өзі жұбатады асыл жар

Созылар деп-бір ай әлде бір апта

Міне бүгін Жеңіс туы желбіреді

Аталардың ерлігін ел біледі

Тойлап жатқан бүгінгі Жеңіс тойы

Соғыс жылғы адамзаттың ерлігі еді.

 

Өзбектің өзін таныстыруы

Ассалаумағалейкум қазақ ака

Діні бір өзбек деген мен бір ата

Қазақ пен өзбекте алалық жоқ

Кисекте үстімізге ала шапан.

 

Орын бердің базарыңның төрінен

Қарбыз сатып қалтам ақшаға толып ед

Наурыз көжең дайын болса әкелші

Қарын ашты кеше жолда қонып ек.

 

Аға менен іні едік әуел бастан

Татулықты жырлап,жазып едік талай дастан

«Өзбек өз ағам, сарт садағам» дейді қазақ

Достар жоқ бұл өмірде бізден асқан.

 

Құтты болсын думан тойың наурызың

Аман болсын әпке,апа,бауырың

Шашу болып шашылсыншы тойыңа

Сатуға әкелген бір қамаз қарбызым

 

Ей қазағым сауданы үйрен өзбектен

Сауда жасамай, жоқшылыққа төзбе сен

Бірді екеу қылатұғын өзбектер

Бірер саты артық тұрады өзгеден.

 

Қой жылы бейбіт болсын тоқ болсын

Қайғы уайым ешқашан жоқ болсын.

Әкаласып жүретін өзіңменен

Базарыңнын төрінде өзбек болсын.

******

Ата заңым-айбыным!

 

Ата заң тәуелсіздік тірегі

Халықпенен бірге соғар жүрегі

Оқу өнер тәрбиеге бастайтын

Жеткіншекті,келер ұрпақ түлегін.

 

Ата заң айбарымыз,ардағымыз

Тұғырымыз абыройлы,ар-ожданымыз

Жасай берсін қазақ елі, шарықтасын

Құтты болсын арайлы ақ таңымыз.

 

Ата заң әділдіктің арқауы

Бейбіт елдің биіктерге шырқауы

Жеткіншектер алға бастап ғарыштап

Өсіп келет келер ұрпақ ынталы

 

Ата заң айбарлы да айбынды

Келешегі мол терең және айдынды

Тәуелсіз ел арқасында достықтың

Бейбітшілік жасай берері айқынды.

 

Конституция-тұрақтылық кепілі

Әкелген елге егеменділік,еркіндік

Жасай берсін Конституция Ата заң

Қазақ елі алға баста серпінді!

******

Жауынгер атам-өткен із

Отан үшін қырғын майдан басталды

Дұшпанға деген кек биледі жастарды

Ақбелденде көптеген жас азамат

Ұлы Отан соғысына аттанды

 

Соғыс жалмап аға іні бауырды

Зар жылатты тынып жатқан ауылды

Өлісін де тірісінде біле алмай

Аналардың жүректері ауырды

 

Ата әже ауыр жұмысқа жегілген

Қалмады одан қыз келіншек егілген

Жеңіс үшін бір кісідей жұмылды

Қаймықпады қиындықтың жүгінен

 

Бір кездегі жігіттері ауылдың

Құрбан болды соғысында дауылдың

Жалындаған жігерлі жас азамат

Мерт болды,туды басқа ауыр күн.

 

Төребек,Төлеу,Бейсембек,Әли,Сәрсембек

Аман келді жарымжандау демесек

Ұмытпайды боздақтарды Ақбел ауылы

Жеткіземіз ұрпақтарға келешек.

******

«Туған тілің бойындағы тұмарың»

 

Туған тілің бойыңдағы тұмарың

Салт дәстүрің жанып тұрған шырағың

Дуалы ауыз өткендердің сөздері

Біле білсең ағып жатқан бұлағың.

 

Жиырма жылы тіл туралы заңының

Басылмасын тіл құрметтеу арының

Бағаламай тілімізді бір кезде

Ұмыт болған қайтарайық қарымын.

 

Ұлтымыздың намыс оты жағылды

Елімізге жаңалық болды жағымды

Біздің елде тұратұғын ежелден

Басқа ұлттар үйренуге бағынды.

 

Көрікті тіл халқымыздың өрнегі

Нұр ағаның арқасында төрледі

Тіл туралы бекітілді заңымыз

Ел қуанышы кеудемізді кернеді.

 

Жетті міне қазақтың толар шағы

Жаңбай қалып жүрмесін тіл ошағы

Тіліміздің  дінімізді бағалау

Ұлтымыздың бақытының болашағы.

 

Қазақ тілі көркем екен мәнімен

Тындасаңыз бабаларды әріден

Үйренейік,үйретейік басқаға

Тіл құрметтеу алды тұрсын бәрінен.

******

          Бұқар жырау бабаның 345 жылдығына арнау

Бабам толды 345 жасқа бүгін

Ұрпағы өсіп келеді небір гүлің.

Санасында балаңның сақталыпты

Өзің қалдырған өсиет,асыл жырың

 

Иілдірген хан, қараны, ақылымен тілімен

Дананың бүгін асқақтаған шыңын көрем.

Қалдырған ұрпағына мол қазына,

Қадірлейді жастары біздей өрен.

 

Толарсақтан саз кешіп қайран баба,

Ат үстінде күн көріп айдалада

Ана тілін,ата жолын,құрмет тұтқан,

Бабалардың аруағынан айналамда.

 

Көрсетпесін бастан кешкен азапты енді,

Мақтан тұтып қолдайық азат елді.

Үкілеген,үлгі еткен даналарын

Тәуелсіз ел, ардақты ел,қазақ елі.

 

Жақсылық жақсылықпен басталады,

Бар қуаныш тәуелсіздіктен бастау алды.

Аудан аты,ауыл аты, көше аты,

Қуанамын,баба атымен аталады.

 

Көп еңбек баба үшін атқарылды,

Аудан халқына тағы биыл бақ дарыды.

Аудандық басылым «Бұқар жырау жаршысы» аталып,

Ұрпағын тағы бір шаттандырды.

 

Бабамды жырлай берем,жырлай берем,

Сонда мен ғажайып бір күйге енем.

Ей халқым,бүгінгі той халық тойы,

Тойласаң ұлы тойды,тойла деген.

******

Ақбел вальсі

Өлеңі: Раисова Б.К.

Әні: Мауиянова М.Б.

Алтын мекен туған жер

Күміс сулы Қорған көл

Туған елін ардақтауға

Балалары буған бел.

 

Құнарлы өлке жері майлы

Өрісі кең,малға жайлы

Тек өзіңдей ырысты жер

Дәл мен үшін табылмайды.

Көк жиекті сағымдарың

Ұзап кетсем сағынамын

Ата-бабам жатқан жердің

Қасиетіне табынамын.

Ата-баба көзін көрген

Ал әкемнің өзін көрген

Әз халқымнан айналайын

Яндекс.Метрика