«Жырын тыңда Бұқардың» әлеуметтік желідегі эстафета

«Жырын тыңда Бұқардың»

   атты әлеуметтік желідегі эстафета

/Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына/

  1. Жалпы ережелер:

1.1. «Бұқаржырау ауданының ОКЖ»-сі кітапханаларды дамыту бөлімі Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына орай «Жырын тыңда Бұқардың» атты әлеуметтік желідегі эстафетаны ұйымдастырып отыр.

 1.2.Әлеуметтік желідегі эстафета мақсаты: жалпы жұртшылыққа Бұқар жырау Қалқаманұлының өлең-толғауларын жаттату, жыр-терме түрінде орындату.

 1.3.Эстафета міндеттері: жұртшылықты Бұқар жырау шығармаларымен таныстыру, өлең-жырларын насихаттау, шығармашылық белсенділіктерін қалыптастыру.

 1.4. Эстафетаға қатысушылардың оқыған өлеңдері, орындаған жыр-термелері  www.bukarlib.kz аудан кітапханасының сайтында «Жырын тыңда Бұқардың» бөлімінде орналастырылады.

  1. Эстафетаны өткізу ережесі:

2.1. Аталмыш эстафетаға барлық адамдар қатыса алады, жасына, жынысына, нәсіліне шектеу қойылмайды.

 2.2. Қатысушы Бұқар жырау Қалқаманұлының кез-келген өлеңін оқи, жыр-терме ретінде орындай алады.

 2.3. Эстафетаға қатысушылар видеожазбаларын «Ғacebook»  әлеуметтік желісіне #JyryntyndaBukardyn хэштегіне орналастырады.

  1. Эстафетаны өткізу тәртібі мен мерзімі:

3.1. Қатысушы Бұқар жырау Қалқаманұлының бір өлеңін жатқа мәнерлеп оқыған немесе жыр-терме ғып орындаған видеожазбасын «Ғacebook»  және «Instagram» әлеуметтік желілерге #JyryntyndaBukardyn хэштегіне 2018 жылдың 1 ақпанынан 1 шілдеге дейін жіберу керек.

 3.2. Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген видеожазбалар эстафетаға қатыса алмайды.

 3.3.Эстафета ережесінің талаптарына сай емес жұмыстар есепке алынбайды.

 3.4. Эстафетаға қатысушылардың суреттеріне желі пайдаланушылары бір реттен дауыс бере алады.

3.5. Эстафета қорытындысы әлеуметтік желілерде берілген лайк  саны және қазылар алқасының шешімі бойынша шығарылады.

3.6. Қорытындысы кітапхана сайтында және «Facebook» желілерінде жарияланады.

  1. Жұмыстарға қойылатын талаптар:

4.1. Қатысушының аты-жөні, мекенжайы міндетті түрде көрсетілуі керек.

 4.2. Оқылатын немесе орындалатын шығарма атауы көрсетілуі керек.

 4.3. Түсірілген видеожазбаның сапасына мән беру керек.

 Анықтама тел.: 22265

Яндекс.Метрика