«Селфи: Сүйікті кітабыммен түскен менің портретім» фотоакция

«Селфи: Сүйікті кітабыммен түскен менің портретім»

   атты фотоакцияның ережесі.

 «Селфи» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «өзіңді өзің» деген сөз, яғни фотокамераға таймер немесе айна көмегі арқылы автопортрет жасау түрі.

 

  1.                                                       Жалпы ережелер:

1.1. «Бұқаржырау ауданының ОКЖ»-сі кітапханаларды дамыту бөлімі «Селфи: Сүйікті кітабыммен түскен менің портретім» атты фотоакция ұйымдастырып отыр.

1.2.Фотоакция мақсаты: жалпы жұртшылықтың кітап оқудағы көзқарасын, қызығушылығын, сүйікті кітабын анықтау.

1.3.Фотоакция міндеттері: жұртшылықты кітап оқуға шақыру, шығармашылық белсенділіктерін қалыптастыру.

1.4. Фотоакция қорытындысы бойынша  www.bukarlib.kz аудан кітапханасының сайтында «Сүйікті кітабыммен түскен менің портретім» атты виртуалды альбом жарияланады.

 

  1. Фотоакцияны өткізу ережесі:

2.1. Аталмыш фотоакцияға барлық адамдар қатыса алады, жасына шектеу қойылмайды.

2.2. Әр қатысушының өзі оқыған сүйікті кітабымен түскен фотосуреттері қабылданады.

2.3. Акцияға «Ғасеbook», «Instagram» әлеуметтік  желілерінде өткізіледі.

 

  1. Жұмыстарды тапсыру тәртібі мен мерзімі:

3.1.Фотосуреттер 2018 жылдың 10 ақпанынан 10 сәуіріне дейін қабылданады.

3.2. Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген фотосуреттер акцияға қатыса алмайды.

3.3.Акция ережесінің талаптарына сай емес фотосуреттер қабылданбайды.

 

  1. Жұмыстарға қойылатын талаптар:

4.1.Селфи қатысушының өзі оқыған сүйікті кітабымен түскен фото болуы тиіс.

4.2. Жіберілген фотоның сапалы болуы шарт.

 

  1. Акцияның өткізу тәртібі мен мерзімі:

5.1. 2018 жылдың 10 ақпан – 10 сәуір айлары аралығында жіберілген акция ережесінің талаптарына сай фотосуреттер  «Ғасеbook», «Instagram» әлеуметтік  желілерінде #suiktikitabym хештегіне орналастырылады.

5.2. Фотоакцияға қатысушылардың суреттеріне желі пайдаланушылары бір реттен лайк басу арқылы дауыс бере алады.

5.3. Акция қорытындысы лайк дауыстар бойынша шығарылады.

5.4. Қорытындысы кітапхана сайтында, аудандық «Бұқаржырау жаршысы» газетінде жарияланады.

 

Анықтама тел.: 22265

 

Яндекс.Метрика