Баграй В Г

Баграй Василий Григорьевич (11.06.1934 ж.т.) – ұстаз. Бұқар жырау ауданының тумасы. Белағаш ауылында жетіжылдық мектепті аяқтап,  Қарқаралы педагогика училищесінде оқыды (1949-1954). Шешенқара ауылындағы орта мектепте дене шынықтыру, биология пәндеріне сабақ берді (1954-1957).  КарПи-ді аяқтаған (1954).  Шешенқара орта мектебінің директоры қызметін атқарған (1944-1970). Қазір құрметті демалыста. Еңбек ардагері (1984), «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1981) белгісімен марапатталған.

Яндекс.Метрика