Баймағамбетов Елемес

Баймағамбетов Елемес (1938 ж.т.) – ұстаз. Тельман ауданының тумасы.  КарПи-дің физика-математика факультетін тамамдаған (1958). Еңбек жолын Ростовка, Көкталд, Құрылыс орта мектептерінде бастаған. Ол жүздеген балғылдардың жүрегіне тәлім-тәрбие сіңірген, ұлтымыздың салт-дәстүріне құрметпен қарауға шақырған, адамгершілігі биік, парасатты ағартушы-ұстаз. 1969 жылдан Елтай орта мектебінің ұстазы. Осы мектептен зейнеткерлік демалысқа шықты. Аянбай еңбек еткен жылдардағы марапаттары жетіп артылады. Е.Баймағамбетов «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

Яндекс.Метрика