Батталов Қабдығани Жәкібайұлы

Батталов Қабдығани Жәкібайұлы (1948 ж.т.) – ұстаз. Алғабас ауылының тумасы. Үміткер орта мектебін үздік аяқтап, сол жылы Алматы қаласындағы КазМУ-дің филология факультетін бітірген. Үміткер орта мектебінде ұстаз (1969-1980). Аудандық партия комитетінің нұсқаушысы (1980-1982). Алғабас негізгі мектебінің директоры (1982-1993). Үміткер орта мектебі оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі (1993). Қ.Батталов «Көркем ойдың қалыптасу кезеңдері» әдістемелік бағдарламасының (Санат,2006), «Қазақ тілі» қосымша оқулығының (2008), «Келер шаққа өткел» өлеңдер жинағының (2007) авторы.

Яндекс.Метрика