Башмакова Лидия Ивановна

Башмакова Лидия Ивановна (20.07.1949 ж.т.) – ұстаз, 2-ші шақырылым аудандық Мәслихатының депутаты (2003). Керней ауылының тумасы. Димитров орта мектебін алтын медальмен бітіріп (1966), Қарағанды педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған. Керней ауылы Димитров орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі (1970), директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары (1977-1980). Халық депутаттары Димитров селосының төрайымы (1987-1992). Димитров орта мектебінің директоры (1992). 1994 жылдан директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары. «ҚазКСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталған.

Яндекс.Метрика