Беспаев Жақия

Беспаев Жақия (26.12.1927 ж.т.) – ұстаз, еңбек ардагері. Тельман ауданы, Ақжар ауылының тумасы. Ақжар мектебінде пионер ұйымының жетекшісі (1947).  Көлденеңөзек ауылдық орта мектебінің басшысы (1948), Ақжар бастауыш мектебінде оқу ісінің меңгерушісі (1953-1955), Қарақұдық ауылында мұғалім (1956), КарПИ-дің филология бөлімін бітіріп (1970), осы мектептің директоры (1971-1994), оқу ісінің меңгерушісі (1994-1997) қызметтерін атқарған. Ауылда қазақ мектебін ашылуына, мектеп жанынан қоғамға пайдалы тәжірибе алаңының ұйымдастыруылына ұйықты болған білікті басшы. «ҚазақКСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталған. 1994 жылдан зейнеткерлік демалыста.

Яндекс.Метрика