Богачева Людмила Семеновна

Богачева Людмила Семеновна (11.07.1940 ж.т.) –  ұстаз, аға мұғалім. Қарағанды қаласының тумасы. Саран педагогика училищесін бітіріп, Петровка орта мектебіне келген (1958). 38 жыл математика пәнінің мұғалімі, тәрбие ісінің меңгерушісі, Ульянов ауданы бойынша математика пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігін басқарады. «ҚазКСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен (1976) марапатталады.

Яндекс.Метрика