Ғазалиев Мәулен

Ғазалиев Мәулен (12.02.1917-09.08.1988 жж.) – педагог, облыста халық ағарту ісінің ұйымдастырушы, ҚазКСР еңбек сіңірген мұғалімі (1961). Ақжар ауылының тумасы. 1934-1937 жж. Петропавл ет-сүт өнеркәсібі техникумында, содан кейін Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетінде оқиды. 1941 ж. 5-курстан өз еркімен майданға аттанады. 70-армияның қатарына Ұлы Жеңісті Кенигсберг қаласында қарсы алады. Соғыстан кейін халық ағарту саласында еңбек етеді: Қарағанды қалалық оқу бөлімінің меңгерушісі (1946-1949), №2 қазақ мектеп-интернатының директоры (1963-1986) әрі Қарағанды мединститутында химиядан сабақ береді (1953-1973).  II дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, медалдармен марапатталған. Оның атымен Қарағанды қаласында бір көше аталады.

Яндекс.Метрика