Диқанбайұлы Сағынай

Диқанбайұлы Сағынай (1920 ж.т.) – ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері. Улгі жетіжылдық мектебін үздік бітіріп (1973), алты айлық мұғалімдер курсында оқиды. Еңбне жолын Қарағанды қаласындағы №34 мектепте мұғалімдіктен бастап, жоғары білімді аяқтамай әскерге алынады.  Соғыста танк әскерінің қомандирі болып, Солтүстік Кавказ, Брянск шайқастырында 18-ші десант әскері құрамында қатысқан. «Қызыл Жұлдыз» орденінің, «Ерлігі үшін» медалінің иегері С.Диқанбайұлы 1946 жылы соғыстан оралғанда Үлгі мектебіндегі жлғыз мұғалім болған. Кейіннен мектеп директоры болып, 1980 жыл зейнеткерлікке шыққанға дейін ұстаздық етіп, талай шәкірттерді қанаттардырған ұлағатты ұстаз.  Осы Үлгі №5 орта мектебі аудан, облыс аумағында іргелі, сапалы білім беретін ошағына айналуына атсалысқан ұстаздар: Нәбиев Айтқұл, Шоқанбеков Мартбай, Хамитов Сқақ, Шәншілов Орал, Мәркен Арыстанбек келіні, Хоменко Ольга Дмитриевна, Әйнекбаева Үміт, Бөпиева Камила, Қазыханов Рапағат, Байғарин Сәлім, Ысқаков Қисамиден, Айтжанова Қайынжамал, Тұрғанбеков Дүйсенбай, Байманов Жақсылық, Балабекова Нағима, Байғарина Жамиға, Тақуов Нұрбай, Әшкенов Камаш, Бекхожин Есенғали, Күлікова Сара, Рүстембеко Қалиолла, Имашев Ержан, Арыстанбекова Алма, Зікіров Құрмаш, Ыбыраев Бекен, Ыдырыслв Бекен,  Ыдырысов Махмет, Ыдырысова Қабида, Көбентаева Тиыштық, Түспекова Шолпан, Карманов Сағат, Диқанбаева Зейне, Әбдірайымова Баркен, Хикметов Қайыр, Нұрпейісова Рая.

Яндекс.Метрика