Доманина Татьяна Германова

Доманина Татьяна Германова (12.01.1923 ж.т.) – ұстаз.  Шет ауданы Ақбауыр ауылының тумасы. Мектеп бітірісімен Колхозное селосының (Қазіргі Ботақара кенті) мектебінде ұстаздық етіп жүріп (1941), Қарағанды педагогикалық училищесін емтихандарын тапсырып шығады (1943). Қарағанды қаласындағы Молотов атындағы мұғалімдер институтынан орыс тілі және әдебиеті мамандығын алып шығады (1956).  Ботақара кентіндегі Гагрин атындағы орта мектепте ұзақ жылдар бойы ұстаздық етті.  Ульянов кентіндегі сегізжылдық мектептің директоры (1970-1975). Бірінші мұғалімдер съезінің делегаты болып сайланады (1953). Т.Доманина «1941-1945 жылдардағы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» (1948), «Тың жерлерді игергені үшін» (1957), «Ерен еңбегі үшін» (1971), «Еңбекте үздік шыққаны үшін» (1954) медальдарымен, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1953) белгісімен марапатталады.

Яндекс.Метрика