Дроздова Лидия Дмитриевна

Дроздова Лидия Дмитриевна (03.05.0963 ж.т.) – суретші-ұстаз. Ботақара селосының ұстазы. Еңбек жолы Ботақара селосындағы орта мектепте өңер, география пәндерінен сабақ беруден басталады (1982). Суретші-портретші, суретші-ұстаз, клуб жанынан бейнелеу студиясын ашқан (1987), кейіннен ол мектепте көшірілді. Балаларды сурет салу, ағашты қашап жасау, кескіндеме, мүсін өңеріне баулиды. Лидия Дмитриевнаның жетекшілігімен балалар әр түрлі деңгейде 25 байқау түріне қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2004 жылы Қарағанды каласы № 93 гимназиясына ауысып, қазір мұғалімдердің біліктілігін көтеру институтында бейнелеу өңерінің жетекші маманы. Суретшінің шығармаларын Қарағанды қаласының өнер мұражайында кездестіруге болады.

Яндекс.Метрика